27.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

198117
27.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің «Испания патриот одағы міндетін Голландиядан тапсырып алды» деген хабарында Испанияның Түркияға жіберген патриот одағы міндетін Голландиядан тапсырып алғанын жеткізген. Хабарға қарағанда Голландия үкіметінің екі жыл бұрын НАТО-ның талабымен Сириядан келуі мүмкін шабуылдарға қарсы Түркияға жіберілген патриот зымырандарын міндетін атқарған, сондай-ақ осы мерзімінің ұзартуынан кейін Испания патриот одағы осы міндетті Аданада бастады.


Сабах газеті хабарды Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның «Білім беріп қаруландыру тақырыбындағы кездесулерді тездету керек» деген сөзімен берді.
Газет Чавушоғлұның Сирия оппозицияларына біліп беріп, қаруландыру бағдарламасында АҚШ-пен жүргізілген жұмыстардың жалғасқанын айтқанын жеткізген. Хабар бойынша «бұдан бұрын саяси деңгейде бір қаңқаның белгіленгенін және әскери деңгейде кездесулердің бастаған айтқан едік» деген сөздер қолданған Чавушоғлұ процесте бір ілгерілеушілік болғанын баяндады.


Йени Шафак газетінің «Түркия жәрдем беру жөнінде АҚШ-тан 7 есе көп» деген хабарында соңғы кезеңде бейуаз халықтарға ие шыққан Түркияның ақшалай жәрдем беру жөнінде ең мықты ел АҚШ-тан 7 есе көп екенін жазған. Газет Премьер-министрлік апат және төтенше жағдай басқармасы төрағасы Фуат Октайдың «әлемде ең көп жәрдем берген ел Түркия» деген сөзін жариялаған.


Ваттан газетінің «Әлемге әйгілі әнші DJ'i Стамбулға келеді» деген хабарында әлемнің ең атақты әншісі DJ'i Claude Challe-нің 30 қаңтар кеште Стамбулда бір концерт беретінін мәлімдеген.


Стар газетінің «Дрогба Түркияға сәлем жолдады» атты хабарында Ұлыбританияның астанасы Лондонда Футбол қаламгерлері одағы тарапынан ұйымдастырылған жүлде рәсіміне қатысқан 36 жасындағы әйгілі футболшы Дидье Драгбаның сұрақтарға жауап бергенін жазған. Газет Дрогбаның сұхбатта «Түрік халқын сағындым. Сіздерді сүйемін» деп Түркияға сәлем жолдағанын жеткізген.

 

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар