23.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

195663
23.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Хэммонд Түркия керемет бір жұмыс істеуде деді» атты хабарында Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммондтың ИШИМ-ге қатысу үшін Сирияға барғысы келген адамдарды тоқтату жөнінде Түркияның керемет бір жұмыс істегенін айтқанын жеткізген. Газет Филип Хэммондтың «Шекараның жағдайына байланысты табысты болуы өте қиын. Түркия премьер-министрі бұл мәселеде өте дұрыс айтты» дегеніне орын берген.


Сабах газетінің «Түркияның ЮНЕСКО аттанысы» атты хабарында Мәдениет және туризм министрі орынбасары Халук Дурсунның Париждегі ЮНЕСКО орталығында бір баяндама жасағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Мәдениет және туризм министрлігінің мәдени байлықтарға көңіл бөлгенін түсіндірген Халук Дурсун әлем мұрағат тізімінде Түркияның орнын, сондай-ақ еліміздегі ЮНЕСКО әлем мұрағат тізімінде орын алған құндылықтарымызды және министрлік ретінде тарихи және мәдени байлықтарымызбен байланысты жүргізілген жұмыстарды түсіндірді.


Хүрриет газетінің «Сириялық әйелдің қиялы жүзеге асты» деген хабарында Шанлыурфаның Суруч бастауыш мектебінде қоныстанған 54 жасындағы сириялық мүгедек әйелге жасанды аяқ жасағанын жазған. Газет жасанды аяғы болған сиялық әйелдің «Маған осы жақсылықты жасаған Түркия Республикасы мен түрік халқына шексіз алғыс айтымын» дегенін мәлімдеген.


Миллиет газетінің «Күннен пайдаланады» атты хабарында соңғы жылдарда энергияда шетелге қарасты болуды азайту үшін Түркияда жергілікті және жаңалануға болатын энергия потенциалын экономикалық кіріске айналдыруға бағытталған жұмыстарддың тез қырқынды түрде жалғасқанын баяндаған. Газет күн нұрынан пайдалану мерзімі ұзын болған Түркия күн энергиясынан электр өндіру тұрғысынан алғанда үлкен мүмкіндікке ие екеніне орын берген. Хабар бойынша осы аяда күн нұрынан ең көп пайдаланған провинциялар ішінде орын алған Шанлыурфаға күн энергиясы стансасы құрылады.


Хабар Түрік газетінің «Галатасарай мықтылар тізімінде» атты хабарында Deloitte-нің 2013-2014 маусымындағы көрсеткіштер бойынша дайындалған «Футбол ашқа лигасы» рапортында Real Madrid 10 рет арт артынан ең көп кіріс түсірген клуб болғанын, сондай-ақ осы тізімге Түркиядан Галатасарайдың орын алғанын жеткізген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар