17.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

187279
17.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газетінің «АҚШ Түркияға әскер жіберуде» атты хабарында АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның ИШИМ-мен күресу аясында 400 Америка әскерін Түркия, Катар және Сауд Арабиясына жіберетінін жеткізген. Газет әскерлердің сириялық оппозиционерлердің әскери білім беру және машықтандыру жұмыстарын ұйымдастыратынын жазған. Хабарға қарағанда әскер санының әскери білім беру бағдарламасының көлемі және қажеттілігіне қарай өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар әскери білім берілетін алаңдардың қауіпсіздігі үшін де қосымша қызметкер жіберіледі.


Хүрриет газетінің «Францияда үлкен Стамбул макеті» атты хабарына қарағанда 10-13 наурыз күндері аралығында Франция Ганн-да ұйымдастырылатын жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі «MİPİM 2015»-те Түркия қалалары аттанысқа кірді. Түркия жәрмеңкеге Стамбул, Анкара, Анталия, Бурса және Сакария сынды қалалармен қатар Бейоғлұ ауданы баста болып көптеген аудан да қатысады. Жәрмеңкеде Түркия 1200 шаршы метрлік алаң иелейді.


Сабах газетінің «Еуропа Түркиядан балық алуда» деген хабарында Еуропада сатылған төрт балықтың біреуінің Түркиядан алынғанын, сондай-ақ соңғы 10 жылда балық экспортының үш есе артқанын жеткізген. Газет Азық-түлік және ауыл шаруашылық министрлігі атқарған саясаты нәтижесінде балықшылық секторының тек дамығанын, Түркияның 2002-2011 жылдары арасында балық экспортын 264 пайыз арттырып, 448 миллион долларға көтерілгеніне орын берген.


Йени Шафак газетінің «Италиялықтар түрік лещинасын ұнатты» деген хабарында әлем лещина өндірісі мен экспортының 75 пайызын иелеген Түркияның өткен жылы 101 елге 252 мың 528 тонна лещина экспорт етіп, 2 миллиард 314 миллион 353 мың 67 доллар валюта кіргізгенін мәлімдеген.


Миллиет газетінің «Әлемнің ең тамаша 20 қаласы» атты хабарында Стамбулдың әлемнің ең тамаша 11 қаласы болып сайланғанын жариялаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар