17.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

192962
17.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Акшам газеті «Түркия табан тіреген соң босқындар мәселесі декларацияға енді» атты хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу Үлкен 20 саммиті ұйымдастырылған Австралияның Брисбен Конгресс залында халықаралық баспасөзге мәлімдемелер жасады. Премьер-министр босқын тақырыбының күн тәртібіне келіп, келмегені жайлы бір сұраққа «Өкінішке орай егжей-тегжейлі қолға алынбады. Жарияланған декларацияда Орташығыстағы дағдарыспен байланысты арнайы бір тұс бар. Ұзақ келіссөздердің артынан Түркияның ұсынысы орын тапты, Брисбен декларациясы ішінде орын алды» деді.
Йени шафак газеті «Босния-Герцеговинада Османлы мұрасы мектептер» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Босния-Герцеговинада бес ғасыр бұрын Османлы кезеңінде «бала мектебі» ретінде іске қосылған және 5 ғасырдан бері үздіксіз қызмет берген «Османлы мұрасы» мектептер елдегі барлық мұсылмандар Құран және негізгі діни білім алу үшін балаларын жібергендері мекемелердің басында келеді. Мектептер осы таңда Ислам Одағы тарапынан басқарылады.
Стар газеті «Түйап кітап көрмесіне рекорд қатысушы» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда 33-ші Халықаралық ТҮЙАП Кітап көрмесі аяқталды. ТҮЙАП-тан жасалған мәлімдемеге қарағанда 8 қараша сенбі күні есіктерін ашқан кітап көрмесін биыл 503 мың оқырман аралады. Түркия және шетелден 850 баспахана мен азаматтық қоғам мекемесінің қатысуымен ұйымдастырылған көрмеде сұхбат, панел, балалар үшін бағдарламалар және кітап оқуларға қоса барлығы 270 іс-шара атқарылды.
Сабах газеті «Қорғаныс фильм фестивальінен түрік фильміне жүлде» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда биыл 24-ші рет ұйымдастырылған Халықаралық Қорғаныс фильм фестивальінде түрік режиссер Элиф Овардың «Үміттің сәулесі» атты деректі фильмі Жюри арнайы жүлдесін алды. Овардың Косоводағы Түрік Қарулы күштерінің қызметін түсіндірген және Жандармерия қолбасшылығына қарасты алғашқы әйел қолбасшы аға сержант Шенай Хайдарды тақырып қылған «Үміттің сәулесі» атты туынды 19 елден 52 фильммен жарысты.
Хүррийет газеті «Минералдарың түрік ханшайымы» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Док.Элиф Генжели Гүнер Антарктидада тапқан екі жаңа минералмен әлем тарихына қолтаңбасын қалдырды. Гүнер тапқан жаңалығымен Голландияда 9 жылдың ең табысты, Еуропада болса жылдың ең табысты түрік әйелі ретінде сайланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар