12.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

187752
12.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабер түрік газеті «Министр Бозкырдан мәлімдеме» атты хабар жариялаған.


Хабарға қарағанда ЕО министрі Волкан Бозкырдың Брюссельде ЕО-ның АҚШ-пен Транс-Атлант келісімінің Кеден Одағына қалай әсер ететінін түсіндірді. Бозкыр «Еуроодақпен Кеден одағы арқасында қазір 150 миллиард евролық бір сауда көлемі бар екені айтылады. Еуроодақ үшінші елдермен келісімге қол қойған жағдайда мұның Түркияға да енгізілетіні туралы бап қойылмаған. Қойылуын талап еттік. Керісінше Түркия нарығын АҚШ өнімдеріне ноль кеден салығымен ашуға мәжбүр боламыз. Жылына 2.5-3 миллиард доллар шығынымыз бар. Кеден Одағын қысқа уақытқа тоқтатуға мәжбүр қалуымыз мүмкін» деп мәлімдеді.
Йени Шафак газеті «Дін істері басқармасынан Латын бастамасы» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Дін істері басқармасы еліміздің дінді оқыту және қызмет тәжірибесі мен жинақтарын Латын Америка мемлекеттерінде өмір сүрген мұсылмандармен бөлісу үшін «1-ші Латын Америка елдері мұсылман діни басшылар жиналысына қонақжайлық жасайды. Жиналыста Бразилия, Аргентина, Мексика, Чили, Уругвай, Куба, Колумбия сияқты 40 латын Америка мемлекетінен 75 мұсылман ғалым Стамбұлда бас қосады. Жиналыс арқылы аймақтағы мұсылмандармен тұрақтылық және жалғастыра алатын ынтымақтастық орнату нысанаға алынады.
Акшам газеті «Джанкуртаранда соңғы саты» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Қаратеңізді Иранмен байланыстыратын Джанкуртаран туннельінде жұмыстар соңғы сатыға келді. Түркияның ең ұзын туннельінің жұмыстарының 70 пайызы аяқталды, 2015 жылдың аяғында ашылу рәсімі өтеді. Артвин қала губернаторы Кемал Джирит осы жобаның 5 мың 200 метр ұзындығында Түркияның ең ұзын көлік жолы туннельдерінің бірі екенін мәлімдеді.
Сабах газеті «Сириялықтар Халептен қашуда» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Сирия соғысының маңызды қалаларынан Халепте халық қаша бастады. Асад режимінің қаланы қоршауға алуы нәтижесінде оппозицияның күші әлсіреп, үлкен көштің алғашқы толқыны сигнал бере бастады. Халепте өмір сүрген сириялықтар тірі қалу үшін қаша бастады. Шекараға жеткен босқындар осы жерде Түркия өтуге тырысады.
Стар газеті «Түркия-Бразилиямен матчқа шығады» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Ұлттық құрама командамыздың арнайы матчпен бүгін кешкі уақытта Бразилияны қонақ қылады. Фенербахче Шүкрү Сарачоғлу стадионында Түркия уақытымен 20.30-да басталатын матчты Өзбекістан Футбол федерациясы төрешісі Раушан Ырматов басқарады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар