01.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдік кейбір жаңалықтарға орын берген.

177182
01.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Түрік армиясы 14 елді күйрете алатын күшке ие» деген хабары бойынша АҚШ-та шығатын Businness insider интернет парақшасында соғыс және елдер арасы дағдарыс үзілмеген Орташығыс географиясындағы мемлекеттердің армияларына орын берілген. Осы хабарға қарағанда Орташығыстың ең күшті армиясы Түрік қарулы күштері болып табылады. 18,1 миллиард долларлық қорғаныс бюджеті, 410 мың 500 белсенді шебімен Орташығыстағы ең көп әскери санына ие түрік армиясының 3 мың 657 танкі және 989 әскери ұшағы бар.


Акшам газеті «Түркияда бір жаңалық» атты хабарында Түркияда Бурса сауда және өнеркәсіп палатасының 55 миллион лираға Ғарыш авиация орталығын салғанын хабарлаған. Газет Бурса сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Ибрахим Букайдың «Түркия болып ғарыш авиация саласында белгілі деңгейге жетпей тұрып, әлемдегі 10 экономикасы қатарына кіруіміз мүмкін емес» дегенін жариялаған.


Ватан газеті «Сыртқы сауда кемшілігі азайды» деген хабары бойынша сыртқы сауда кемшілігі қыркүйек айында 8,4 пайыз азайып, 7 миллиард 560 миллион доллардан 6 миллион 925 долларға төмендеді. Бірдей маусымда Еуроодағының экспорттағы үлесі 43,9 пайыз болды. Еуроодаққа жасалған экспорт болса 6 миллиард 2 миллион доллар ретінде жүзеге асты.


Сабах газеті «Нури Билге Жейлан АҚШ-та фотосурет көрмесін ашты» деген хабарында Қыс ұйқысы фильмімен Канны фильм фестивалінде жүлдеге ие болған түрік кинорежиссері Нури Билге Жейлан 2012 жылы қайтыс болған әкесі Мехмет Емин Жейланды тақырып еткен «Әкемнің әлемі» атты фотосурет көрмесін Нью-Йоркта ашқанын хабарлаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар