22.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

99423
22.08.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Сабах» газеті Әділет пен Өркендеу партиясының жаңа басшының белгілі болғанын жазған. Газет партиясының орталық атқару комитетінің жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған премьер-министр Эрдоған жаңа басшы ретінде сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның атын жариялағанын білдірген. Эрдоған партияның төтенше конгресінде премьер министр үміткері Ахмет Давутоғлу болатынын мәлімдеген.
«Стар» газеті 28 тамызда президенттік қызметіне бастайтын Эрдоғанның ант беру мерәсіміне әлем көшбасшыларының қатысатынын жазыпты. Хабарға қарағанда мерәсімнен кейін президент резиденциясында берілетін қабылдауға 25-тен астам елдің көшбасшылары қатысатын болады. Қабылдауға Қазақстан, Түрікменстан, Босния-Герцоговиниядан президент деңгейінде қатысушылық болады, ал кейбір елдердің сыртқы істер министрлері қатысады.
«Радикал» газетінің ғаламтор сайтында жер шарында 15 мың гектар жерді шөлденуден құтқарған Аллан Саворидің Халықаралық конгрес үшін Түркияға келетіні білдіріліпті. Савори шөлденіп бара жатқан аймақтарда үй жануарлары өсіріп «табиғатқа еліктеу» арқылы бұл проблеманы шешудің жолын тапқан. Конгресс 13-15 қазан арасында Ыстанбұлда өтеді екен.
«Ватан» газеті Түркияда жұмыс істеуді қалайтын шетелдіктер үшін мүмкіншіліктер туғанын жазыпты. Шетелдіктерді қорғау заңын қайтадан жаңартқан үкімет инвестиция салатын шетелдіктерге ұзақ мерзімге тіркелу және кейін азаматтық беретін болады. «Әсіресе мемлекеттік жобалар мен елге кіріс әкелетін жобаларда орын алған шетелдіктердің жұмыс істеу рұқсатын алуы жеңілдетіледі және ұзартылады» деп жазылған хабарда. Түркияда жоғары білім алған жастардың да туризм мен шет тілі керектіретін салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі кеңейтілетін болады. Газет жаңа заң жобасында инвестицияның көлеміне назар аударылатынын білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар