31.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Израильдің Газа шабуылдарына кең орын берген

75106
31.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «17 рет ескерттік, бәрібір бомбалады» деп аталатын хабарында Израиль армиясының кеше азанғы уақытта  БҰҰ палестиналық босқындарға жәрдем мекемесі (UNRWA) бақылауындағы бір мектепке қайтадан шабуылдағаны атап көрсетілген. Мекеменің Бас комиссары Пиерре Крахенбухлтың Израильді қатаң түрде айыптағанын жазған газет «Израиль армиясы тарапынан халықаралық құқыққа қарама-қайшы жасалған осы ауырпалықты ең қатаң түрде айыптаймын» дегенін жеткізген. Газет бас комиссардың мектеп қоныстанған орынды 17 рет Израиль армиясына білдірілгендеріне назар аударғанын жазған.
Миллийет газеті «Газаның сегізден бірі баспанасыз қалды» деп аталатын хабарында бір миллионнан астам тұрғыны бар Газада Израильдің әскери операциясы себепті 240 мыңнан астам адамның үйін тастап кетуге мәжбүр қалғаны атап көрсетілген. Газет теңіз және құрлықтан қоршауын жалғастырған Израильдің Газа секторынан кетпеген палестиналық санының үйін тастап кеткендермен салыстырғанда, жалпы тұрғын санының сегізден бірі екенін білдірген. Хабарда жалғыз қауіпсіз баспана ретінде қабылданған БҰҰ мектептерінің Израиль тарапынан бомбаланумен жазықсыз адам шығынының 1 мың 300-ден асқаны атап көрсетілген. Газет БҰҰ лауазымдыларының айтуынша қаза тапқандар арасында ең кемінде 243 бала бар екенін жазған.
Ватан газеті «192 мемлекетке дайын киім экспортталады» деп аталатын хабарында түрік дайын киім мен текстил саласының жылдың алғашқы жартысындағы экспорт табысының өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 12.1 пайыз артқаны, 192 мемлекетке жалпы 9,4 миллиард долларлық экспорт жасалғаны атап көрсетілген. Газет экспорт жасалған мемлекеттердің басында Германияның бар екенін жазған.
Хабертүрік газеті «10 миллиард лиралық фестиваль» деп аталатын хабарында 7-29 маусым күндері арасында өткен “Istanbul Shopping Fest” фестивалінде жалпы 10.2 миллиард лиралық табысқа қол жеткізілгені білдірілген. Биыл табыс мөлшерінің өткен жылмен салыстырғанда 23.6 пайызға жеткенін атап көрсеткен газетте тағы аталмыш кезеңде Сауда орталықтарында жүзеге асқан сауда көлемінің 29 пайызға ұласқаны жазылған.
Акшам газетінің спорт беттерінде жарияланған «Бүркіттер турға жақындады» деп аталатын хабарында чемпиондар лигасының 3-ші матчында Бешикташ футбол командасының Голландияның Фейеноорд командасын қарсы көгалда жеңгенін атап көрсеткен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар