18.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

133612
18.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Ватан» газеті Газа жағажайында доп ойнап жүрген 4 Палестиналық баланың қаза табуына себеп болған Израиль армиясының «Жазықсыз азаматтар өліп жатса бұл бір трагедия» деген мәлімдеме жасаумен ғана шектелгенін жазған. Хабарда Израильдің шабуылдарына әлемнің әр жерінен наразылық жауып жатса, кеше түсте «Израиль мен ХАМАС оқ атуды доғару келісімі жасады» деген хабар жайылғанын, бірақ көп кешікпей-ақ екі жақтың да бұл қауесетті жоққа шығарғаны білдірілген. Түнде Израиль премьер-министрі Нетеняхудың армияға құрлық операциясын бастауға бұйрық бергеніне назар аударған газет 50 000 Израиль сарбазының Газаға құрлық операциясы бастағанын білдірген.
«Йени Шафак» газеті Газада Израиль шабуылдарында жараланған мыңдаған адамды емдеп жатқан Норвегиялық дәрігер Мадс Гилберттің мәлімдемесіне тоқталып кеткен. Газет Гилберттің «Өлгендердің жартысына жуығы әйелдер мен балалар. Бұл шабуылдар Газа халқын қорқытып, олардың қарсылығын жою мақсатымен жасалып отыр. Палестиналықтар қатты азап шегуде, бірақ ешкімге жалынып жатқан жоқ. Жылдар бойы езіліп келген Газа халқы бұл дағдарыста да өте мықты екеніндерін дәлелдеуде»-дегенін жазған.
«Стар» газеті Ыстанбұлда өткен «Ислам ғұламалары бейбітшілік, парасаттылық пен ұстамдылыққа шақырады» атты жиналысқа келген қонақтар үшін берілген ауызашарда президент Абдуллах Гүлдің сөйлеген сөздеріне тоқталып кеткен. Газет Абдуллах Гүлдің «Барлық адамзаттың көзі алдында Газада болып жатқандар шарасыздықтың дәлелі. Мұны тоқтату үшін Ислам әлемі өзінің ішіне үңіліп, мықты бірлік көрсету керек» дегенін жазған.
«Хабертүрік» газеті премьер-министр Эрдоғанның Дін Істері басқармасы ұйымдастырған Ислам ғұламаларының жиынына қатысқанын білдірген. Газет ашылу салтанатында сөз сөйлеген премьер-министр Эрдоғанның Израильдің Газаға шабуылына үнсіз қалып отырған Ислам әлеміне «Әлем үнсіз, батыс та үнсіз, өкінішке орай Ислам әлемінен де дыбыс жоқ. Қайдасыңдар Ислам әлемі? Сенің жаның ашымай ма? Сен бұған немқұрайды қарасаң кім қолдау береді?» дегеніне назар аударған.
«Сабах» газеті де премьер-министр Эрдоғанның Ыстанбұлда өткен Ислам ғұламалары жиынында Біріккен Ұлттар Ұйымын сынға алғанын жазған. Газет Эрдоғанның Палестинада ұзақ уақыттан бері қырғын жасалып жатқанын айта келіп, «Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілікке қызмет ететін ұйым емес емес. Себебі мұсылмандардың өкілі жоқ» дегенін білдірген.
«Йени Шафак» газеті премьер-министрдің орынбасары Эмруллах Ишлердің Түркияның Газаға гуманитарлық жәрдем жіберіп жатқанын, бір жанұяның бір айлық азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ететін 15 мың пакеттің таратылып жатқанын айтқанын жазған.
«Акшам» газетінің «Халықаралық Ақша Қорына түрік директор» атты хабарында Түркия тарихында бірінші рет Халықаралық Ақша Қорының атқару комитеті директорлары ішінде өкілі болатыны жазылған. Газет әлі күнге дейін Австрия тарапынан басқарылып отырған атқару комитеті директорлығының 1 қарашадан бастап Түркияға өтетін білдірген. Хабарда бұл қызметке Қазына кеңесшісі Ибрахим Чанакчының тағайындалғанына назар аударған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар