06.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

119301
06.07.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «Парижде басқа бір Түркия көрінісі бар» деп аталатын хабарында Францияда жергілікті және шетелдік көптеген дайын киім фирмасы бас қосқан "Who's Next" Париж мода көрмесінің басталғаны жазылған.
Газет биылғы құрметті қонақ ретінде Түркия қатысқан көрмеге Түркиядан Вакко, Өзлем Сүэр және Мехтап Элаиди сияқты тұлғалардан құралған шамамен 50 марка мен дизайнердің қатысқанын атап көрсеткен. Хабарда көрмеде әлемнің жан-жағынан 2 мыңнан астам дайын киім және аксессуар марқасының орын алғаны білдірілген.
Миллийет газеті «Қытайдың үлкен Түркия жобасы» деп аталатын хабарында Қытай әкімшілігінің Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағынан Түркияға дейін жүрдек пойыз желісі үшін 150 миллиард доллар жұмсайтынын жазған. Хабарда Қытайдың ең үлкен локомотив пен вагон өндірушісі «CSR» фирмасы төрағасы Джау Цияуянг Шыңжаңнан басталып 6 мың шақырым ұзындығындағы жүрдек пойыз желісінің Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістан, Түрікменстан, Иран және Түркияға дейін ұласатынын айтқанын білдірген.
Акшам газеті «Түркияда атқарған жұмыстары ‘DMW’-ге ‘ECOSOC’ мүшелігі әкелді» деп аталатын хабарында Түркия мен Еуроодақ арасында қазірге дейін көпір ретінде DMW Халықаралық Дипломаттар Одағының жылдардан бері атқарған тығыз жұмыстарының бағаланғаны жазылған. Газет Одақтың үш жыл бұрын арыз берген Біріккен Ұлттар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ECOSOC) мүшелігіне қабылдағаны білдірілген. Түркияның ЕО мүшелігіне қоса Кипр мәселесі, Франциядағы армян қауесеті заң жобасы, Еуропадағы Ислам дұшпандығы және соңғы рет Германияда өлтірілген түріктер тақырыбында атқарған жұмыстарымен назар аударғанын жазған газет Халықаралық Дипломаттар Одағының осылайша тағы бір жаңалыққа қол таңба қалдырғанын атап көрсеткен.
Стар газеті «1 миллион жергілікті турист демалыстарын 15 күннің ішіне сыйғызды» деп аталатын хабарында Түркия саяхат агенттері Одағының (TÜRSAB) 2014 жылы Түркия Туризм сезоны рапортын жариялағанын білдірген. Соңғы жылдары оразаның сезонның дәл ортасына дөп келуі себепті жергілікті туристтің таңдауының екіұдай болғанын жазған газет жалпы жергілікті туристтің 28 пайыз яғни, шамамен 1 миллион жергілікті туристтің 15 маусым мен 30 шілде күндері арасында демалысқа шыққанын білдірген. Хабарда екінші үлкен турист қозғалысының Рамазан айт басталған 27 шілде мен мектептер ашылатын 15 қыркүйек күндері арасындағы 6 апталық мерзімде жүзеге асатыны атап көрсетілген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар