14.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Мосул қаласында кепілге ұсталған азаматтарға байланысты хабарларға кең орын берген.

94552
14.06.2014 күнгі түрік баспасөзі


Акшам газеті Түрік Әуе Жолдарының Ирак Дамаск Ислам елінің Мосулды басқаруға алуы және Ирактағы тұрақсыздық себепті Ирактағы операцияларға байланысты мәлімдеме жасағанын жазған.
Газет Түрік Әуе Жолдарының Иракқа ұшақ рейстері бар Бағдат, Басра, Нежеп, Сүлеймание және Ербил әуежайлары сапарларының қалыпты жалғасатынын білдіргенін хабарлаған.
Газет Түрік Әуе Жолдарынан жасалған мәлімдемеде «Аталмыш рейстердегі сапарлар қазіргі ұшақ түрлері арттырылып, тіпті көп жолаушы тасымалдауға мүмкіндік жасалады. Қажет табылса қосымша рейстер арқылы жолаушы тасымалдау жалғасады» делінгенін жазған.
Йени Шафак газеті «Кепілге ұсталғандарды әкелетін көліктер дайын» деген тақырыппен берген хабарында Ирак Дамаск Ислам елінің Мосулдағы түрік консулдығына басып кіріп, адамдарды кепілге алғанын және арасында бас консул Өзтүрк Йылмаз бен дипломаттар бар 49 қызметкерлерді әкелетін көліктердің Ербилде дайын тұрғанын білдірген.
Газет Ирак тіркеуіндегі көліктер 8 автобус пен 9 қосымша қорғау көлігінен құралғанын жазған.
Газет Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұның кепілдердің денсаулығы жақсы екенін және босатылуы үшін 24 сағат жұмыстанғандарын айтқанын хабарлаған.
Сабах газеті «3-ші әуежай германияны ұрейлендірді» деген тақырыппен берген хабарында Германиядағы Франкфурт әуежайын жұмыстандырған Фрапорт фирмасының әкімшілік кеңесі төрағасы Стефан Шультенің Стамбұда жасалатын 150 миллион жолаушы тасымалдайтын әуежайдың Франкфурт әуежайының өсуін баяулату әсерін жасайтынын білдіргеніне меңзеген.
Газет Стефан Шультенің «Біздің өсуіміз баяулайды Бұл да бастан кешуге тиісті сынақ болмақ» деген сөздерін жеткізген.
Ватан газеті «Фенербахче бір қадам алда» деген тақырыптағы хабарында Фенербахче Үлкердің Беко Фаскетбол лигасы Плай-Офф финалінің бесінші матчында Галатасарай Лив Хоспиталды Фенербахче Спорт аренада 76-63 ұпаймен жеңгенін және үшке екі ұпаймен алдыға шыққанын хабарлаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар