Тарихта 1 мамыр

Тарихта бүгін

1407775
Тарихта 1 мамыр

1886 жыл… АҚШ-тың көптеген қаласында жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс ережесі үшін ереуілге шықты.  Полиция мен жұмысшылар арасында қақтығыс шықты.  Көптеген жұмысшы қаза тапты. 4 мамыр күні ұйымдастырылған митингте бомба жарылды. 7 полиция қызметкері қаза тапты, 69 полиция жарақат алды. Артынан жүргізілген сотта жұмысшылардың төрт лидеріне өлім жазасы берілді. Үш жылдан кейін 1 мамыр бүкіл әлемде “Бірлік, күрес және ұйымшылдық күні” ретінде жарияланды. 

1960 жыл… Америка тыңшы ұшағы U-2 Кеңес Одағы әуе кеңістігінде ұшып жүрген кезінде құлатылды және ұшқышы ұсталды.   Оқиға АҚШ пен Кеңес Одағы арасында дағдарысқа жол ашты.    

 1964 жыл… Түркия Телерадио корпорациясы құрылды.                                                     

2010 жыл… 32 жылдан кейін 1 мамырдың Стамбул Таксим алаңында “Еңбек және ұйымшылдық” күні ретінде тойлануына рұқсат берілді.



Ұқсас жаңалықтар