Тарихта 27 ақпан

Тарихта бүгін.

1367050
Тарихта 27 ақпан

1914жыл

Түрік армиясының алғашқы ұшқыштары капитан Фетхи мен бірінші лейтенант  Садық мырзалар «Муавенет-и Милли» (Ұлттық жәрдем) атты ұшақтарымен Дамаск қаласынан Иерусалимге бет алған кезде Теберийе қаласы маңында құлап, шәйіт болды. Фетхи және Садық мырзалар түрік авиация тарихының алғашқы шәйіттері болып қабылданады.

 

1933жыл

Германияда Адольф Гитлер премьер-министр болып тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Германия парламентінің ғимараты (Рейхстаг) өртенді. Гитлер Рейхстагтағы өртті коммунистердің шығарғанын алға тартып, сөндірді деп мәлімдей отырып, президент Хинденбургқа жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын алып тастайтын жарлыққа қол қойдырды. Кейін Неміс ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясынан басқа партиялар жабылды. Коммунистік партияның 181 депутаты мен партия басшылары тұтқындалды.

 

2010жыл

Чилидің Консепсьон қаласы маңында 8,8 балл күшінде жер сілкінісі тіркелді. Мың адам қаза тапқан және 90 секундқа жалғасқан жер сілкінісі шамамен 2 миллион адамға ықпал етті. 500 мың үй құлаған жер сілкінісінде электр және телефон желілері жойылды.

 

2014 жыл

Жаһандық ысыну мен климат өзгерісі салдарынан жойылу қаупімен бетпе-бет қалған ақ аюларға назар аудару мақсатты жыл сайын 27 ақпан күні «Ақ аюлардың дүниежүзілік күні» ретінде тойланады. Болжамдарға қарағанда бүкіл әлемдегі ақ аю саны 20-25 мың қалған.

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар