Тарихта 25 ақпан

Тарихта бүгін.

1365500
Тарихта 25 ақпан

1986жыл

Филиппиндерде 20 жылдық Фердинанд Маркостың диктатурасы аяқталды. Ол құрған авторитарлық режим мен сыбайлас жемқорлық себепті халықтың наразылығын туғызған Маркос президенттік сайлауда оппозициядағы басшы Коразон Акуиноннан жеңілді. АҚШ өзіне берген қолдау тоқтатқан соң елден қашып кеткен Маркос Гавайға орналасты. Кейін Маркос жанұясы мен туыс-тамырларының сыбайлас жемқорлық жасап, ел экономикасын миллиардтаған доллар шығынға ұшыратқаны нақты түрде дәлелденді.

 

 

1994 жыл

Палестинаның Батыс Шерия аймағында «Ибрахим мешіті қырғыны» жасалды. Еврей бір тұрғын палестиналықтарға шабуылдады. Шабуылда 29 палестиналық қаза тауып, 125 палестиналық жарақат алды. Кейін ұйымдастырылған наразылық шерулерінде 26 палестиналық өлтірілді.

 

 

 

 

2000 жыл

Әлемге әйгілі музыкант Карлос Сантана 8 Грэмми сыйлығын алды. Сантана Майкл Джексонның «Триллер» (Thriller) атты альбомымен қол жеткізген рекордын жаңартты.

 

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар