Тарихта 23 ақпан

Тарихта бүгін.

1362668
Тарихта 23 ақпан

1921 жыл

1-ші Инөнү шайқасымен Анадолыдағы грек шапқыншылығын тоқтатқан және Севр келісімін қабылдамағанын әлемге паш еткен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) үкіметі Одақтас елдер тарапынан Лондон конференциясына шақырылды. Османлы мемлекетін бөлшектеуді нысанаға алған Севр келісіміне өте аз өзгеріс енгізуді көздейтін Лондон конференциясы 12 наурыз күні келісім жасалмай аяқталды.

 

 

 

1944 жыл

Кеңес Одағында Сталин режимі шамамен 500 мың шешен-ингушты Солтүстік Кавказдан Сібір мен Орталық Азияға жер аударды. Сүргін кезінде мыңдаған адам қаза тапты.

 

 

 

 

1945 жыл

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрушы елдері құрамында орын алғысы келген Түркия 2-ші Дүниежүзілік соғыстың соңғы күндері Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.

 

 

 

 

1997 жыл

Шотландиядағы Рослин институтында әлемде алғаш рет генетикалық клондау әдісімен бір сүтқоректі жануар дүниеге келді. Клондалған қойға Долли (Dolly) деген ат қойылды.



Ұқсас жаңалықтар