Тарихта 1 қаңтар

Тарихта бүгін

1331703
Тарихта 1 қаңтар

1959 жыл... Кубада диктатор Батиста жаңа жылдың алғашқы сағаттарында Гаванадан қашып кетті.  Фидель Кастро басшылығындағы қарулы топтар Гаванаға кіре бастады. Елде жұмысшы мен шаруалар Кастроның шақыруына орай жалпы ереуіл бастады.

1987 жыл... Қытайдағы коммунистік әкімшілік студент ереуілдерімен шайқала бастады. Пекиндегі Тяньаньмэ́нь алаңында жиналған шамамен үш мың студент еркіндік пен демократия сұрап, акцияларын бастады. Полиция араласып, студенттердің кейбірі ұсталды.

 1996 жыл... Түркия мен Еуропа Одағы арасында қол қойылған Кеден Одағы келісіміне күшіне енді.  Келісім арқылы Түркия мен Еуропа Одағы өзара кеден салықтарын жойды.  Еуропа Одағы мүшелері мен Түркия арасында сауда ынталандырылды, одаққа мүше елдердің Түркияға инвестициясы артты.

 



Ұқсас жаңалықтар