Тарихта 19 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1325073
Тарихта 19 желтоқсан

1957 жыл

НАТО Париж саммитінде АҚШ-тың артып отырған Кеңес Одағы қаупіне қарсы Еуроодақ елдеріне ядролық зымыран орналастыруына рұқсат берді. Бұл шешімнің артынан Федералдық Германия мемлекетінен бастап, АҚШ тұрақты әскери базаларын Еуроодақ елдеріне қоныстандыра бастады.

1987 жыл

Болгариядан қашып Түркияны паналаған түрік текті Наим Сүлейманоғлу ұлттық форманы алғаш рет Зіл темірден Халықаралық Мемлекеттік турнирде киді. Сүлейманоғлу жұлқа көтеру, сілке көтеру және жалпыламада өзінің әлем рекордтарын жаңартты.

1992 жыл

Араларында АҚШ та бар 24 ел Сомалиде артып отырған ішкі қақтығыстарға қарсы «Үміт операциясы» бастады. Түркия әрі саяси, әрі әскери қолдау берген операция БҰҰ шаңырағы астында жүргізілді. Дегенмен сомалилік генерал Айдидтің жоғары лауазымды үш орынбасарын қолға түсіру мақсатты жүзеге асырылған операцияда АҚШ-тың 17 әскері өлтірілді, 77 әскери жарақат алды. Көтерілісшілер 1 АҚШ әскерін де кепілдікке алды. Осы оқиғаның артынан АҚШ президенті Клинтон АҚШ армиясының Сомалиден кері шегінетінін жариялады.

2003 жыл

Ливия басшысы Каддафи елінің ядролық және химиялық қару өндіру нысанасынан бас тартқанын ресми түрде жариялады.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар