Тарихта 11 желтоқсан

Тарихта бүгін

1320965
Тарихта 11 желтоқсан

1843 жыл... Туберкулез және тырысқақ ауруларының зерттеулерімен танымал Роберт Кох Германияда дүниеге келді. Кох туберкулез тақырыбындағы жаңалықтарымен 1905 жылы Химиядан Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

**

1936 жыл... Ұлыбритания королі 8-ші Эдуард Уаллис Симпсонмен өмір сүру үшін билігінен бас тартты.  Ағылшын монархиясында бірінші рет болған осы оқиғадан 3 ай бұрын король Түркияға келіп,  президент Ататүріктің қонағы болған еді.

**

1941 жыл... Гитлер мен Муссолини одақтастары Жапониямен бірге АҚШ-қа соғыс жариялады.

**

1978 жыл... Иран қалаларында Шах билігіне қарсы топтық шерулер ұйымдастырылды. Қауіпсіздік күштері қарсы шығып, Исфаханда 40 адам қаза тапты.

**

1987 жыл... «Хабабам сыныбы», «Көңілді күндер» және «Тосун паша» секілді түрік кинематографиясында маңызды фильмдерде рол алған, атақты кино және театр ойыншысы Адиле Нашит Стамбулда дүниеден озды.

**

1993 жыл... Түркияның Ирактағы өкілетті елшілігінің әкімшілік атташесі Чаглар Юджелге қастандық ұйымдастырылды. Дипломат шейіт болды.

**

1994 жыл... Шешенстанның бір жақты тәуелсіздік шешіміне қарсы орыс армиясы қозғалысқа өтті.  Орыстар жүздеген танктың қолдауымен қалаларды басып ала бастады.  Алайда шешендер орыс әскерлеріне тойтарыс берді.  Соғыс 1996 жылғы 30 тамыз күні қол қойылған бітім арқылы аяқталды.

**

1999 жыл... Еуропа Одағы Мемлекет және үкімет басшылары саммитінде Түркияға мүшелік үшін кандидат мәртебесі берілді. Хельсинки саммитінің соңғы күніне қатысқан премьер-министр Бүлент Еджевит ЕО лидерлерімен бірге суретке түсті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар