Тарихта 8 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1319431
Тарихта 8 желтоқсан

1863 жыл

Чилидің бас қаласы Сантьягодағы тарихи бір шіркеуде шыққан өртте 2 мыңнан астам адам қаза тапты. 

1868 жыл

Алғашқы жарықтандырылған бағдаршамдар Лондонда қолданыла бастады.

1953 жыл

Футболдан түрік ұлттық құрамасы Испания құрамасын жеңіп, Әлем чемпионатына жолдама алды.

1980 жыл

«Beatles» (Битлц) тобын құрушылардың бірі Джон Леннон Нью-Йорктағы үйі алдында Марк Дэвид Чепмен тарапынан атып өлтірілді. Леннон өлтірілген кезде 40 жаста болатын.

1987 жыл

Палестинада 1-ші Интифада (көтеріліс) қозғалысы басталды. Бір еврей тұрғынның жүк көлігін Израильде жұмыс істейтін 4 палестиналық жұмысшы мінген көлікке соғуы және палестиналықтардың қаза табуымен басталған протест шерулері Палестинада тұтас бас көтеру шарасына айналды. Палестина халқы барлық ішкі саяси айырмашылықтарды шетке тастап, Израиль жәбірлеуіне қарсы ортақ қозғала бастады.

1987 жыл

АҚШ президенті Рональд Рейган және бұрынғы Кеңес Одағы басшысы Михаил Горбачев Орта қашықтықтағы ядролық зымырандарды екі жақты жою келісімін қабылдады.

1991 жыл

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауымен Ресей президенті Борис Ельцин Украина және Белоруссиямен қысқаша «ТМД» деп аталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар