Тарихта 13 қараша

Тарихта бүгін.

1305555
Тарихта 13 қараша

1906 жыл... Француз Пол Корну әлемдегі белгілі ең алғашқы тікұшақты жасап шығарды.

**

1920 жыл... Ұлттар қауымдастығының Женевадағы орталығы 41 елден келген 5 мың өкіл қатысқан рәсіммен ашылды.

**

1956 жыл... АҚШ Жоғары соты Алабама штатындағы автобустарда нәсілшіл жікшілдікке жол ашатын заңды болдырмай тастады.  Бұл шешім АҚШ-тағы нәсілшіл саясатқа үлкен соққы енгізді.

**

1966 жыл... Израиль әскерлері Иордания шекарасынан өтіп, 4 мың тұрғыны бар Саму ауылына шабуылдады.  Шабуылда жүздеген адам опат болды.

**

1970 жыл... Жылдамдығы сағатына 240 километрге жеткен Бола дауылы Бангладешке келіп соқты.  Бір күнде 500 мың адам ажал құшты.  Осы дауыл 20-ғасырдың ең жойқын табиғи апаты ретінде қабылданады.

**

1970 жыл... Сириядағы Баас партиясының әскери қанатының лидері Хафыз Асад төңкеріс нәтижесінде ел билігіне келді.

**

1985 жыл... Колумбияда Невадо-дель-Руис жанартауы атқылай бастады. Армеро қаласы балшық астында қалды. 25 мың адам опат болды.

**

2009 жыл... НАСА Айдың оңтүстік аймағында су табылғанын жариялады.

**

2015 жыл... Францияның бас қаласы Парижде бірнеше жерде террорлық лаңкестік болды.  Әл Кайда террористерінің лаңкестігінде 138 адам қаза тапты.  Олардың сегізі- террористердің өздері.  413 адам жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар