Тарихта 1 қараша

Тарихта бүгін

1297967
Тарихта 1 қараша

 

644 жыл... Исламның екінші халифасы Әзірет Омар Мәдинада таңғы намазын оқып тұрған жерінде Әбу Лүлүе оны пышақтады.  Әзірет Омар үш күннен кейін қайтыс болды.

**

1755 жыл... Португалияның бас қаласы Лиссабонда болған жойқын жер сілкінісі мен артынан қалыптасқан цунами 90 мың адамның өліміне себеп болды.

**

1923 жыл... Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешімімен салтанат жойылды.

**

1928 жыл... Түркияда Әліпби төңкерісі жүзеге асты. Араб әріптері мен сандары қолданыстан шықты.  Латын әріптерінен тұратын жаңа түрік әліпбиі қабылданды.

**

1945 жыл... Президент Исмет Инөнү мәжілісте «Бір ғана олқылық – үкімет партиясының қарсысында басқа бір партияның болмауы» деген сөздерімен Түркияда көп партиялы саяси өмірдің басталатынын сүйіншіледі.

**

1954 жыл... Алжир Ұлт Азаттық майданы француз отарлаушыларына қарсы тәуелсіздік соғысын бастады. 8 жылдық соғыста француздар 1,5 миллион алжирлікті қырды.

**

1955 жыл... АҚШ-та бір жолаушы ұшағы  Колорадо маңында жарылды. 44 адам қаза тапты.

**

1970 жыл... Францияда бір би залында өрт шығып, 144 адам ажал құшты.

**

1993 жыл... Еуропа Одағы ресми түрде құрылды.

**

2008 жыл... TRT Балалар телеарнасы эфирлері басталды.



Ұқсас жаңалықтар