Тарихта 1 қыркүйек

Тарихта бүгін

1260725
Тарихта 1 қыркүйек

1715 жыл... 5 жасында таққа отырып, 72 жыл бойы Францияны басқарған XIV Луи дүние салды.

**

1908 жыл... Хиджаз теміржол магистралі Стамбулдағы салтанатпен қызметке берілді. Стамбулдан Мәдина қаласына бірінші пойыз қозғалды.

**

1922 жыл... Думлупынар жеңісінен кейін бас қолбасшы Мұстафа Кемал Паша тарихи бұйрығын берді: «Армия! Бірінші мақсат – Жерорта теңізі, Алға!»

**

1923  жыл... Жапонияның Токио және Йокохама қалаларындағы жер сілкінісінде шамамен 300 мың адам ажал құшты.

**

1939 жыл... Германия Польшаға шабуылдап,  Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Миллиондаған адам қаза тапқан соғыстың елу жылдығында 1 қыркүйек күні Халықаралық Бейбітшілік күні деп жарияланды.

**

1969 жыл... Полковник Муаммер Каддафи Ливияда әскери төңкеріс жасап,  король І Ыдырысты төңкерді.

**

1985 жыл... Америкалық маман Роберт Баллард пен тобы 1912 жылы батқан Титаник кемесінің қалдығын тапты.

**

2002 жыл... Оңтүстік Кореяда болған дауылда 200 адам қаза тапты.

**

2017 жыл... Мьянма қауіпсіздік күштері Араканда бейбіт халыққа шабуылдады.  Шамамен 400 аракандық мұсылман қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар