Тарихта 20 наурыз

Тарихта бүгін

1166271
Тарихта 20 наурыз

20 наурыз 1792 жыл... Франция Ұлттық мәжілісі гильотинамен өлім жазасын бекітті. Есімін француз Жозе́ф Игна́с Гильоте́ннен алған құрал бірінші рет 1792 жылдың 25 сәуір күні қолданылды.

**

1916 жылдың 20 наурыз күні Альберт Эйнштейн ғылымда жаңа дәуір ашқан Салыстырмалылық теориясын жариялады.

**

1956 жылы Тунис Франциядан тәуелсіздігін алды.  Тунистің тұңғыш президенті Хабиб Бургиба болды.

**

1971 жылы 20 наурызда түрік журналист-жазушы Фалих Рыфкы Атай дүниеден озды.

**

1995 жылы Токио метросындағы сарин газы шабуылында 12 адам қаза тапты,  1300 адам жарақат алды.

**

1996 жылы Ұлыбританияда үкімет Ірі қараның ми қабыршағының энцефалопатия ауруының  (Mad Cow Disease - MCD) адамдарға да жұққанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар