Тарихта 6 наурыз

Тарихта бүгін

1157483
Тарихта 6 наурыз

 

6 наурыз 1714 жыл... Ағылшын инженер Генри Милль жазу машинасының патентін алды.

**

6 наурыз 1869 жыл... Дмитрий Менделеев алғашқы периодтық жүйені жариялады.  Периодтық жүйе химиялық элементтердің сыныптандырылуы үшін жетілдірілді.

**

6 наурыз 1902 жыл... FIFA тарапынан 20-ғасырдың ең үздік футбол командасы деп аталған Реал Мадрид футбол клубы құрылды.

**

6 наурыз 1920 жыл... Түріктің талантты жазушысы Өмер Сейфеттин 36 жасында дүниеден озды.

**

6 наурыз 1946 жыл... Тұңғыш табысты, жоғары жылдамдықты электроникалық компьютер Eniac Америка Құрама Штаттарында қолданысқа енді. Eniac электроникалық-цифрлық компьютерлерге апарған жолда басылған үлкен қадамдардың бірі ретінде 1955 жылға дейін қолданылды.

**

6 наурыз 1955 жыл... Әзірбайжанның құрушысы Мехмет Емин Ресулзаде дүниеден озды.  Мехмет Емин Ресулзаде 1917 жылы құрылған тарихтағы тұңғыш түркі республикасы – Әзірбайжанды құрды.  Алайда бұл ел бірнеше жылдан кейін Кеңес үкіметінің басқыншылығына ұшырады.

**

6 наурыз 1964 жыл... Кассиус Клей ресми түрде Мұхаммед Әли атын алды.  Әлем тарихындағы ең үздік боксер ретінде қабылданатын Мұхаммед Әли карьерасы бойынша тек бес матчта ғана жеңіліп көрді.

**

6 наурыз 1995 жыл... Түркияның 1963 жылы Анкара келісімімен басталған Еуропаға қосылу үрдісінде тағы бір қадам басылды.  Еуропа Одағына мүше 15 ел мен Түркия арасында Кеден одағы келісіміне қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар