Тарихта 24 ақпан

Тарихта бүгін.

1151394
Тарихта 24 ақпан

1793 жыл 24 ақпан...

Еуропа стиліндегі жаңа бір армия «Низам-ы Джедит» құрылды. Янычары ошағының бұрынғыдай қызмет атқармағанын және мемлекетке мәселе туғызғанын назарға алған Сұлтан Селим Низам-ы Джедид атында жаңа бір армия құру жұмыстарын бастады. Осы армия Акка майданында француздарды жеңіп, алғашқы жеңісін көрсетті. Дегенмен Селим III-тің тақтан кетуімен «Низам-ы Джедид» армиясы да тарқатылды.

*   *   *

1910жыл 24 ақпан...

Белгілі суретші, археолог және Стамбул Кадыкөйдің алғашқы муниципалитет басшысы Осман Хамди Бей дүниеден озды. Қазір Мимар Синан Университеті Көркем өнер факультеті деген атпен танымал Санайи-и Нефисе Мектебі Алийі және Стамбул Археология мұражайының құрушысы болып табылады. Алғашқы түрік ғылыми қазба жұмыстарын бастаған Осман Хамди Бей Немрут тауы, Лагина және Сайда да археологиялық қазба жұмыстары жүргізді. Сайда да жасаған қазба жұмыстарында тапқан жәдігерлер арасында археологиялық туындылардың басында келген «Александрия ескерткіші» де бар. Осман Хамдидің «Тасбақа тәрбиешісі» мен «Қару саудагері» атты суреттері ең көп назар аударған және өзіндік ерекшелігі бар туындылары болып табылады. Ол салған көптеген сурет Стамбул Сурет пен мүсін мұражайы, Лондон, Ливерпуль және Бостон мұражайларында орын алады.

*   *   *

1942жыл 24 ақпан...

Еврейлерді Палестинаға апарған Струма атты кеме орыстар тарапынан суға батырылды. Румынияның Көстендже портынан жолға аттанған және Палестинаға барғысы келген еврейлер мінген Струма (Struma) атты кеме Қаратеңізде жарылып суға кетті. Жарылыстың себебінің бір орыс сүңгуір қайығынан тасталған бір зымыран екені жылдар өткен соң ортаға шықты.

Осы оқиғада 800-ге жуық еврей қаза тауып, тек қана 1 адам құтыла алған болатын.

*   *   *

1955жыл 24 ақпан...

Бағдат келісімі жасалды. Түркия, Ирак, Пәкістан және Иран арасында Бағдат келісімі жасалды. Бағдат келісімі сондай-ақ «CENTO» деп те аталады. Келісім 1979 жылға дейін жалғасқан еді.

*   *   *

1977жыл 24 ақпан...

Түрік физика маманы профессор Феза Гүрсей «Oppenheimer» сыйлығы мен Эйнштейн медалін алды. Гүрсей сыйлығын АҚШ-тық физика маманы С. Глашовмен бөлісті.

*   *   *

1977жыл 24 ақпан...

І-Шығанақ соғысында құрлық операциясы басталды. Ирактың Кувейтті қоршауға алуы сылтауымен басталған I- Шығанақ соғысында Иракқа бағыттап басталған әуе операциясының артынан коалиция күштері Иракқа бағыттап, құрлық операциясы бастады. АҚШ пен Сауд Арабиясының солтүстігінен басталған операция 3 күнге жалғасты және соңында Ирактағы көтеріліс жойылып, атысты тоқтату жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар