Тарихта бүгін 11 ақпан

Тарихта 11 ақпан  күндері не болған екен?

1142512
Тарихта бүгін 11 ақпан

Бүгін 11 ақпан. Тарихта 11 ақпан  күндері не болған екен?

1650 жылы 11 ақпанда француз математик, ғалым және философ Рене Декарт дүниеден озды. Батыс философиясының ең әйгілі тұлғасы болған Декарт жастық жағында иезуитттік тарикатынан алған философия және математика сабақтарымен ойлау жүйесінің негіздерін қалады. Ғалым 16 жыл бойынша саяхат жасады. Осы саяхаттардың арқасында сол дәуірдегі ең еркін елі Голландияға қоныстанды. Ғалым  1637 жылы «Тәсіл туралы ойлар», 1641 жылы «Медитация» атты шығармаларын жариялады. Шүбә және ой туралы дамытқан философиясын «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген сөздерімен қорытындылады. 1649 жылы Декарт Швеция ханшайымы Кристинаның ұсынысымен Стокгольмде ханшайымның жеке ұстазы болады. Бірақ осынау «аю, мұз және жартасы бар өңірде» өкпе қабыну ауыруынан қайтыс болады.

***

Ағылшын өнертапқыш Роберт Фултон 1809 жылы 11 қаңтарда булы   пароходты ойлап шығарып, оның патентін алды. Жастық шағында суретке қызыққан, алайда кейін келе суретті тастап, инженерлікке бет алған Фултон мәрмәр кесу машинасы, арқан өру машинасы сынды жаңалықтардың патенттерін алғаннан кейін 1797 жылы Парижге барады. Францияда ұзақ жылдар бойынша жобалаған булы  пароход жөнінде зеттеу жұмыстарын жалғастырған Фултон 1803 жылы алғаш рет пароходты  теңізге кіргізді. Алайда бұл пароходқа Франция үкіметі қолдау бермеді. Бірнеше жылдан кейін Фултон Америкаға барады және сол жерде жұмыстарын сынақтан өткізді. Фултонның пароходы желкен немесе күрек қолданбай-ақ суда ілгерілейтін алғашқы пароход болады және Америка үкіметі қатты көңіл бөледі. Фултон 1815 жылы Америка үкіметінің талабы бойынша алғашқы булы әскери кеме де өндірді.

***

1965 жылы 11 ақпанда «Жаңа Адана» газеті Әлем үздік баспасөз жүлдесін жеңіп алды. 1918 жылы 25 желтоқсан күні Бірінші Дүниежүзілік соғысы аяқталады. Османлы Императорлығы жеңіліске ұшырайды және жасалған келісімдер бойынша территориялары бөлісе басталады. Түркияның оңтүстігінде орын алған Адана және оның маңы Франция тарапынан жаулап алынады. Міне осы жаулаудан 5 күннен кейін отан территорияларын қорғауға үн қатқан бір газет жариялана басталды. Ол газет-«Адана» газеті. Әрине бұл газет француздардың наразылығына душар болады және 3 айдан кейін жабылады. Бұл жаулауды әсте қабылдамаған газет қожайыны Ахмет Ремзи Бей мен юзгатлы офицер Мехмет Авни Доган 5 күннен кейін тағы «Жаңа Адана» газет атымен шығарады. Олар жөнінде ұстау бұйрығы беріледі және баспахана  жабылады. Алайда олар баспаханасын алып, басқа қалаларға барады және газетті шығарады. «Жаңа Адана» газеті азаттық үшін соғысқан халыққа Анадолыдағы жаңалықтарды хабарлайды.

Міне, бұл газет 1965 жылы Америка газет қожайындары одағы қорының Америка және Канада тысында шыққан газеттерге берілетін «Әлем үздік баспасөз» жүлдесін алады. Осы жүлдені алған тұңғыш және жалғыз түрік газеті ретінде тарихқа жазылады.

***

2006 жылы 11 ақпанда неміс археологтар Шанлыурфадағы Гөбеклитепеде адам баласының ең көне хабар жүйесі ретінде білінген және осы таңда қолданылған алғашқы жазу түрі болған  таңбаларды табады. Шанлыурфаға қарасты Өренжик ауылына жақын жерде орналасқан әлемнің ең байырғы ғимараттары салынған Гөбеклипепеге байланысты зерттеулер әлі де жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар