Тарихта 27 қаңтар

Тарихта бүгін

1133742
Тарихта 27 қаңтар

1791 жыл 27 қаңтар...

Әлемге әйгілі австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарт дүниеге келді. Қазіргі музыка тарихының алпауыттарының бірі ретінде қабылданған  Вольфганг Амадей Моцарт Австрияның Зальцбург қаласында дүниеге келді. Классикалық батыс музыкасының ең жемісті және ықпалды композиторлардың бірі болып табылады. Оның шығармалары симфониялар, концерттер, камералық оркестрлер, пианино, опера және хор музыкаларына ықпал етті. 35 жылдық өмірінде 626 шығарма жазды.

***

1915 жыл 27 қаңтар…

АҚШ теңіз күштері Гаитиді басып алды.

***

1967 жыл 27 қаңтар…

Apollo-1 ғарыш кемесі Кеннеди ғарыш орталығында сынақтан өткізілген кезде өртенді. Оқиғада ғарыш кемесі командирі Вирджил Грисъм (Gus Grissom), аға ұшқыш Ед Уайт (Edward Higgins White) және ұшқыш Роджър Чафи (Roger Chaffee) қаза тапты.

***

1973 жыл 27 қаңтар…

АҚШ пен Вьетнам атысты тоқтату бітіміне қол қойды.

АҚШ, Солтүстік Вьетнам мен Оңтүстік Вьетнамға қоса Вьетконг өкілдерімен Парижде бас қосып, АҚШ-тың Вьетнам соғысына тікелей әскери операциясын тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды.

***

1973 жыл 27 қаңтар…

Түркияның Лос-Анжелес Бас консулы Мехмет Байдар мен консул Бахадыр Демир армян террор ұйымы ASALA (АСАЛА) тарапынан өлтірілді.

***

1996 жыл 27 қаңтар…

Бала құқықтары туралы Конвенция Түркияның тартыншақтық танытқанына қарамастан қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар