Тарихта 21 қаңтар

Тарихта бүгін

1129531
Тарихта 21 қаңтар

21 қаңтар 1522 жыл... Эгей теңізіндегі он екі аралдың арасындағы ең ірісі Родос Осман флоты тарапынан алынды.  Арал шамамаен 400 жыл Осман Империясының қолында болды.

**

21 қаңтар 1793 жыл... Франция королі 16-шы Луи гиотинамен өлтірілді. Сотталып, өлім жазасын алған жалғыз француз королі болып саналатын Луиге отанға опасыздық жасады деген айып тағылды.

**

21 қаңтар 1951 жыл... 1950-1953 жылдар арасындағы Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы Корея соғысына жолданған түрік әскерлерінің алғашқы жаралы және науқас тобы Анкараға келіп жетті.

**

21 қаңтар 1954 жыл... «Наутилус» атты тұңғыш ядролық сүңгуір Америка Құрама Штаттарының Коннектикут штатында қызмет бере бастады.

**

2012 жыл... Түркияда бірінші рет адамның бетінің трансплантация отасы жасалды. Түрік хирург Өмер Өзкан мен командасы әлемнің тұңғыш табысты бет трансплантациясын Анталиядағы Жерорта теңізі Университетінде жүргізді.



Ұқсас жаңалықтар