Қоршаған орта активисті - Вандана Шива

Су - өмір тынысы 21

356968
Қоршаған орта активисті - Вандана Шива

Осы бөлімде био түрленудің қолдаушысы үнді жазушы Вандана Шива жайлы сөз қозғап, оның «Су соғыстары: Жекешелендіру, ластану және пайда» деп аталатын кітабы жайлы баяндап отырмыз.
Вандана Шива кітабында екі түрлі су мәдениеті жайлы сөз қозғайды. Бір жақта суды табиғат пен тәңірдің бір сыйлығы ретінде бағалап, оны қолдаушы ережелер бойынша үнемдеп, әділ және жалғастыра алатындай пайдаланған бір мәдениет, басқа жақта суды орталық тәуелсіздік құралы немесе табыс көзіне айналдырушы бір мәдениет бар.
Вандана Шива суға қатысты қақтығыстардың су қоймасы құрылыстары себепті басталғанын айтады. Шиваға қарағанда, су қоймалары судың мемлекеттер тарапынан бақылауға алыну құралы. «Су соғыстары: Жекешелендіру, ластану және пайда» атты кітабында жазушы осы тезисіне күшейту үшін мынадай мағлұматтар ұсынады:
Әлем бөгеттер комиссиясының 2000 жылғы рапортына қарағанда әлемде соңғы 200 жылда 45 мың бөгет салынған және осыларға 2 триллион доллар шығын жұмсалған. Одан да маңыздысы барлық әлемде бұрын қойма алаңдарында өмір сүрген 70 миллион адам көшуге мәжбүр болған. Бөгет құрылыстары 1970-1975 жылдарда ең жоғарғы сатыға жеткен. Тек қана соңғы бес жылда 5 мың дана су жасалынған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар