"Қияли су" саудасы

Су - өмір тынысы 06

281136
"Қияли су" саудасы

Бұл апта бағдарламамызда «қияли су саудасы» жайлы әңгімемізді ары қарай жалғастырамыз.
«Су» тақырыбы немесе мәселесі күн тәртібіне келген сайын мәселемен байланысты атқарылған жұмыстар да қоғамның назарына ұсыныла бастады. Осы жұмыстар екі негізгі көзқарасты қолдаған жеке адамдар немесе топтар тарапынан жүзеге асырылады... Бірінші топ судың негізінде адамның табиғи хақы екенін, сауда-саттық тауар еместігін қолдаса; екінші топ суға басқа барлық табиғи резервтер сияқты нарыққа шығатын бір тауар ретінде қарау керектігін алға тартады.
Осы пікір-таласқа қатысты тақырыпты кейін егжей-тегжейімен қолға аламыз. Дегенмен қазір жоғарыда айтылғандай суға қатысты атқарылған жұмыстар мен осы жұмыстарды атқарушылардың көзқарастарын таныстыра кетейік...
Әлемдегі су резервтерінің 70 пайызы ауыл шаруашылығында суару жұмыстарында, 20 пайызы өнеркәсіпте, 10 пайызы болса тұрмыстық және кәсіпорындарда пайдаланылғанын өткен бағдарламада айтқан болатынбыз...
Зерттеулерге қарағанда, батыс мемлекеттерінде адам басына шаққанда жылына шамамен мың 200 литр су ішсе, 50 мен 100 тонна шамасында су жұмсайды.
Мамандар әлем экономикасының соңғы 50 жылда 7 есе өскенін, су тұтынушылығының 3 есе артқанын дегенмен әлемдегі су резервтерінде өзгеріс болмағанын алға тартады. Яғни, жүздеген бәлкім мыңдаған жылда пайда болған жерасты су көздерін аямай қолданып жатырмыз... Жер асты су көздеріндегі азаюды суы тауысылған бір құдық байқаған кезде ғана есімізге түсіреміз...
Cу деңгейі азайған сайын температура артып отырады. Ысыну мен егін өнімдерінің арасындағы байланысты зерттеген ғалымдар, дән еккен кезде әрбір 1 градустық арту бидай, күріш және жүгері, астық кезінде 10 пайыз азаюына себеп болатынын болжайды...
Фред Пийрс жиырма жылдан астам уақыт су тақырыбы жайлы зерттеулер жазған бір журналист... Бір кездері «Нью Сейнтис» журналының да редакторы болып істеген ... Қазіргі таңда мақалалары халықаралық ғылым, табиғат және жаңалық журналдарында жарық көріп отыр...
Фред Пийрс әлемнің жан-жағын аралап, су тақырыбында жасаған зерттеулерін және тәжірибесін бір кітап ретінде жинақтаған... «Өзендер құрғағанда» деп аталатын осы кітаптан алынған кейбір мағлұматтарды кезі келген сайын беріп отырамыз...
Қазір Фред Пийрстің «қияли су» саудасымен байланысты бір көзқарасын сіздермен бөліскіміз келеді. Пийрс былай дейді:
«Пәкістанның мақталы өнімін сатып алғанда, Таиланд күрішін жеген кезде немесе Орталық Америка кофесін ішкен кезде осы аймақтың гидрологиясына әсер етесіз деген сөз. Индус немесе Меконг өзендерінен яки Костарика жаңбырынан үлес аласыз. Бұл өзендердің кебу процесіне де үлес қосасыз деген мағынаға келеді...»
* * *
Дамыған батыс мемлекеттерінде тұтынған астық және тоқыма өнімдерінің көпшілігі импортталады... Халықаралық салада атақты маркаларды сатып алғанда киімдердің этикеткасында аз дамыған мемлекеттердің аттары жазылғанын көруге болады... Дамыған мемлекеттердің сұранысына жауап беру үшін аз дамыған мемлекеттерде өзендердің суы немесе жерасты көздерінен су тарту арқылы егістіктер суарылады. Суды жер астынан тартқан сайын одан тереңнен суды аласыздар. Әлемдегі «қияли су» саудасының шамамен үштен екі бөлігі дәннен гүлдің майына, қанттан мақтаға дейін кең бір алаңда шаруашылық өнімдерінде, төрттен бір бөлігі ет пен қора өнімдерінде, оннан бір бөлігі болса өнеркәсіпте қолданылады. Әлемнің ең үлкен «қияли су» саудагерлері АҚШ, Канада, Австралия, Аргентина және Таиланд деп қабылданады. АҚШ сиыр етімен бірге қияли су экспорттайды. Канада дән; Австралия мақта мен қант; Аргентина сиыр еті; Таиланд болса күрішпен бірге қияли суды экспорттайтын мемлекеттер болып табылады...
Ең үлкен қияли су импорттайтын елдер - Жапония мен Еуропа мемлекеттері... Негізінде осы мемлекеттерде су тапшылығы жоқ, алайда қолданған өнімдермен бірге суды да импорттағаны үшін осы пікір таластарға арқау болады...
Иран, Мысыр, Алжир, Иордания сияқты мемлекеттер қиялы су саудасы жасамаса да, қысқа уақыттан соң ашаршылықпен күресуге мәжбүр қалады.
Осы назар аударарлық жағдай «EXPO Зарагоза 2008»-де өте анық түрде қатысушыларға ұсынылды...
Намибия – Оңтүстік Батыс Африкада, Атлант мұхиты жағасында кішкентай бір мемлекет... Нимбалар болса Намибияның солтүстігінде өмір сүретін шамамен 50 мың тұрғын саны бар және мал шаруашылығымен күн көрген бір этникалық халық.
«EXPO Зарагоза 2008»-дің Намибия стандында су мәселесі нимба әйелдері арқылы қатысушыларға таныстырылды. Нимбалық әйелдер 5 бала және 4 ересек өмір сүретін үйінің, 30 литрлік ауыз және тамақтану суына күн сайын ауылдың шетіндегі бір бензин станциясынан бірнеше километр жол жүрген соң қол жеткізе алады.
Сізді мазасыздандырғымыз келмесе де, бағдарламамыздың аяғында сіздерге кейбір көрсеткіштер жайлы айта кетейік:
1 ыдыс күріш үшін шамамен 110 литр су жұмсалады... Бір сэндвич үшін 180 литр; екі жұмыртқа үшін немесе бір салат жасағанда 600 литр; үш қасық балмұздақ үшін мың 800 литр суды қолданады...


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар