«Су аяқ ізі» ұғымы жайлы мағлұматтар

Су - өмір тынысы 04

260519
«Су аяқ ізі» ұғымы жайлы мағлұматтар

Өткен бағдарламамызда «қияли су» ұғымын қолға алған болатынбыз. Ағылшын ғалым Джон Антоний Элленнің 1993 жылда байқаусыз пайдаланылған суды «қияли су» деп атағанын және осы ұғымның ғылыми тұрғыдан қабылданғанын айтқан едік. Естеріңізде болар, байқаусыз пайдаланылған суға мысал келтіргенде, күнделікті тіршілікте жиі қолданылған тамақты өндіру үшін жұмсалған су мөлшерлерін берген болатынбыз: бір тілім нан үшін 40 литр су қолданылғанын ұмытпаған шығарсыз деп ойлаймыз.
Шетелдік ғалым Проф. Ариен Й. Хоекстра болса, «Су аяқ ізі» ұғымын ортаға қойды. Голландияның Твенте Университеті құрамындағы «Твенте су зерттеу орталығында» жұмыстарын жүргізген Проф. Ариен Й. Хоекстра халықаралық сауда айналымында ауыл шаруашылығы өнімдерін алып сатуды «қияли су» саудасы ретінде бағаландырады.
Енді «су аяқ ізі» ұғымы жайлы мағлұматтарға көз жүгіртейік.
Күнделікті тіршілікте ауыз суы, тамақ дайындау, тазалау жұмыстары үшін суды пайдаланамыз. Осы өнімдер арасында тамақ өндірісі, қағаз немесе мақтадан жасалған киімдердің өндірілуі үшін су көбірек жұмсалады. «Су аяқ ізі» бүкіл осыларды бір ортада бағаландыратын көрсеткіш болып табылады. Осы көрсеткіште тұтынушы және өндірушілердің тікелей немесе жанама түрде жұмсаған суы бірге қолға алынады.
Яғни, жеке адамның, қоғамның немесе жұмыс салаларының «су аяқ ізі» жеке адам немесе қоғам пайдаланған тауарларды және қызметті өндіру үшін қолданылған немесе өндірушінің тауар және жұмыс өндірісі үшін пайдаланылған жалпы таза су көздерінің мөлшері болып табылады.
Профессор Ариен Хоекстраның пайымдауынша су мәселесі жалпы жаһандық экономиканың құрамымен тығыз байланысты. Осы көзқарасты одан әрі түсіндіру үшін тағы осы кісінің кейбір болжамдарына тоқталуымыз қажет.
Су қолданысы ең қысқа уақыт жұмсалған немесе ластанған су мөлшерімен өлшенеді... Осы өлшемнің тұрақты түрде жасалуы үшін тұтынушы және өндірушілердің су аяқ ізі көрсеткіштерінің нақты болуы керек. Яғни, есепке алынған мемлекетте немесе территорияда бір адамның немесе отбасының, бір ауылдың немесе бір қаланың су шығыны тақырыбында нақты және дұрыс деректерге ие болуы міндетті. Сондай-ақ мемлекеттік немесе жекеменшік түрде өндірушілер де пайдаланған су мөлшеріне байланысты анық мағлұматтар болуы шарт. Барлық осы мәліметтер жинақталып бағаландырылғанда «су аяқ ізі» есебімен судың қолдану немесе ластану мөлшері шығарыла алады. Бір адам қолданған тауар және қызмет өндірілуі үшін пайдаланылған барлық таза су көздері «жеке су аяқ ізін» ортаға шығарады. Осы мөлшерді есепке алуы үшін «қияли су» теориясын пайдаланамыз. Яғни, алдымен бір шыны кофе үшін қаншама су жұмсалғанын және сол кофенің өндірілуі үшін тұтынушы мемлекет пен кофе өндірілген мемлекетте қанша су жұмсалғанын есептей аламыз. Басқаша айтқанда кофе ішкенде өз су аяқ ізімізді таба аламыз.
* * *
Профессор Ариен Хоекстра су аяқ ізін мемлекеттік бағыттарымен атап көрсетеді. Бір ұлт тарапынан қолданылған қызмет, тауар және өндірістердің өндірілуі үшін пайдаланылған барлық таза су көздері ол мемлекеттің су аяқ ізін құрайды. Енді барлық осы күрделі есептер мен ұғымдардың ең маңызды жеріне келдік. Профессор Ариен Хоекстра «су аяқ ізі» тақырыбын негізінде мемлекеттердің жеткілікті су көрсеткішін немесе суға бағыныштылығын ортаға қою үшін пайдаланады.
Бір мемлекетте қолданылған барлық тауар және қызметтер үшін пайдаланылған су мемлекеттің жергілікті көздерінен табылатын болса, сол мемлекеттің жеткілікті су көрсеткіші 100 пайыз деп қабылданады. Жоқ әлде мемлекетте өндірілмеген тауарды қолдануға мәжбүр болсақ, бұл «қияли су» импорты деген мағынаға келеді.
Міне, осы кезде пікір таластар жаңа көзқарастармен түрлендіріледі: Ол қияли су саудасы болып табылады.
Осы тақырыпты келесі бағдарламамызда ауқымды түрде қолға аламыз... Бүгінгі бағдарламамыздың аяғында «су аяқ ізі» тақырыбына байланысты сіздерге кейбір мағлұматтарды бергіміз келеді:
- Қытайдағы су аяқ ізі шамамен бір адам үшін жылына 700 текше метр. Қытайдың су аяқ ізінің тек қана 7 пайызы Қытайға сырттан келеді.
- Жапониядағы аяқ ізі шамамен бір адам үшін жылына 1150 текше метр. Жапонияның аяқ ізінің 65 пайызы шетелден келеді.
- Түркияның есептелген су аяқ ізі мөлшері бір адам үшін жылына 1615 текше метр. Яғни, Түркияда жылдық бір адам үшін жұмсалған тауар және қызметтердің өндірілуінде пайдаланылған таза су көздерінің мөлшері шамамен 1615 текше метр. Түркияның су аяқ ізі мөлшерінің 15 пайызы болса сырттан келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар