Өзбекстан басшысы Францияда

Екі ел арасында 10 келісімге қол қойылды.

1066622
Өзбекстан басшысы Францияда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Франция сапары аясында екі ел арасында 10 келісім мен 5 миллиард евролық инвестиция келісіміне қол қойылды.

Президенттік баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  президент Мирзиеев міндетке келгелі Еуропаға алғашқы сапарын Францияға ұйымдастырды.

Мирзиеев Франция президенті Эммануэль Макрон және француз бизнес өкілдерімен бас қосты.  Кездесу барысында екі басшы екі ел арасындағы ынтымақтастықты,  Ауғанстандағы жағдайды және өңірлік проблемаларды қолға алды.

Кездесуден кейін екі ел арасында тасымал, туризм,  әскери,  техникалық көмек, бейбіт мақсатта ғарыш зерттеулері,  мәдениет және басқа да салалардағы серіктестікті көздейтін он келісімге қол қойылды.

Екі елдің сыртқы істер ведомостволары арасында 2019-2020 жылдарға бағытталған ынтымақтастық бағдарламасы, қоршаған орта және мәдениет министрліктері арасында да ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды.

Мирзиеевтың сапары қарсаңында өткен Бизнес форумда Өзбекстан мен Франция компаниялары арасында 5 миллиард евролық инвестициялық жобалар келісімдеріне де қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар