Өзбекстанда азық-түлік қауіпсіздігі конференциясы

Ташкентте атты халықаралық конференция өткізілді.

108710
Өзбекстанда азық-түлік қауіпсіздігі конференциясы

Өзбекстанның астанасы Ташкентте «Өзбекстанда азық-түлік бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды әлеуеттері» атты халықаралық конференция өткізілді.
Конференцияға Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және егіншілік ұйымы, Әлемдік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі сынды халықаралық ұйымдармен қоса АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Алмания сындың қырыққа жуық елден де мамандар қатысты.
Конференцияның шымылдығын ашқан президент Ислам Каримов тәуелсіздік жылдары Өзбекстанда жүргізілген реформалардың егіншілік саласының түрленуін және экспорттың артуын қамдағанын айтты. Каримов 1990 жылдары Өзбекстандағы егістіктердің 90 пайызына мақта егілгенін айтып, сол кезде бидай, арпа, ет, сүт, жұмыртқа сынды өнімдердің шетелдерден келгенін, осының нәтижесінде ел азаматтарының осы өнімдерді аз тұтынғанын тілге тиек етті.
Жаңа реформалар арқылы мақта егілген егістіктерді 2 есе азайтқандарын және мақта өндірісін 6 миллион тоннадан 3 миллион тоннаға төмендеткендерін айтқан президент мақтадан босаған жерлерге басқа өнімдердің егілгенін атап көрсетті.
Президент енді бүгінгі күні Өзбекстанда жыл сайын 16 миллион тонна жеміс пен бақша өнімдерінің өсірілгенін айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және егіншілік ұйымының директоры Хосе Гразиано Да Сильва Өзбекстанның 2000 жылдан бері егіншілік пен азық-түлік қауіпсіздігінің қамдалуы тақырыбында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін білдірді.
Сильва «Өзбекстан талпынысын жалғастырып, ұйымға мүше елдер анықтаған стратегиялық аяда жұмыстанған сайын ұйым да осы тақырыпта Өзбекстанмен ықпалдастығын жалғастырады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар