TRT-нің «12 Punto 2024» финалистері белгілі болды

TRT-нің «12 Punto 2024» көркем фильмі номинациясында12 жоба финалға шықты.

2129031
TRT-нің «12 Punto 2024» финалистері белгілі болды

Түркия телерадио корпорациясы (TRT) биыл 6-шы рет ұйымдастырған Түркияның ең үлкен сценарий жазу және бірлескен өндіріс платформасы «12 Punto 2024» көркем фильмі номинациясында финалға шыққан 12 жоба белгілі болды.

Биыл 100-ден астам көркем фильм жобасы өтініш берген шара 7-14 шілде күндері аралығында өтеді.

Финалға көтерілген туындылар режиссерлері Махмут Фазыл Кошкун және Мұрат Пай, актриса Вилдан Атасевер, әлеуметтанушы-жазушы Фатма Барбаросоғлу және кино сыншысы Суат Көчер орын алған қазылар алқасы тарапынан анықтады.

Көркем фильм аталымы бойынша халықаралық қазылар алқасы таңдайтын 3 жоба «TRT Бірлескен өндіріс сыйлығы», 3 жоба «Сатып алу алдындағы TRT сыйлығы», 6 жоба болса «TRT Жобаны дамыту сыйлығымен» марапатталады.

Марапаттау рәсімінде сондай-ақ «TRT Халықаралық бірлескен өндіріс сыйлығын» алған жобалар да жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар