Түркия 31-ші Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысты

Түрік тілін үйренетін Беларусь университетінің студенттері Түркия стендіне ерекше қызығушылық танытты.

2116113
Түркия 31-ші Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысты

Түркия Беларусьте ұйымдастырылған 31-ші Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

Ел астанасы Минскідегі «BelExpo» көрме орталығында ашылған жәрмеңкеде Түркияның  Минск елшілігі стенд құрды.

Түркияның тарихы, археологиясы, мәдени мұрасы, табиғи сұлулықтары және түрік әдебиеті туындылары қойылған стендті жәрмеңкенің алғашқы күні мыңдаған беларусьтік кітап сүйер қауым тамашалады.

Түрік тілін үйренетін Беларусь университетінің студенттері Түркия стендіне ерекше қызығушылық танытты.

Түрік стендінің келушілері арасында Беларусь ақпарат министрі Владимир Перцов пен Беларусь президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Максим Рыженков та болды.

Түркияның Беларусьтегі өкілетті және төтенше елшісі Джем Ышык Перцов пен Рыженковқа стенд туралы ақпарат берді.

Минск кітап көрмесін 17 наурызға дейін көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар