Түрік тілі курсына қатысқан студенттерге сертификат берілді

Студенттерді Белградтағы Түркия елшілігінің ғимаратында елші Хами Аксой қарсы алды.

2111431
Түрік тілі курсына қатысқан  студенттерге сертификат берілді

Сербияның астанасы Белградта түрік тілі курстарына қатысқан университет студенттеріне сертификат беру рәсімі өтті.

Белградтағы Түркия елшілігінің білім беру консультанты ұйымдастырған А1 және А2 деңгейіндегі түрік тілі курстарына қатысқан сертификатын Белград университетінің саяси ғылымдар факультетінің студенттеріне  берді.

Студенттерді Белградтағы Түркия елшілігінің ғимаратында елші Хами Аксой қарсы алды.

Аксой сөз арасында Сербияда түрік тіліне әсіресе жастардың үлкен қызығушылығы бар екенін айтты.

Юнус Эмре институты (YEE) ашқан түрік тілі курстарында осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам студенттің білім алғанын айтқан елші Аксой «Белград университетінде түркология бөлімі бар. Айырықша  Йени Пазарда  түрік тілі сабақтарын беретінін және Түркиядан  арнайы  оқытушылар келіп,  түрік тілі сабақтарын қарқынды түрде бере аламыз деп  айта аламын» деді.

Сербияда түрік сериалдарының өте көп көрілетінін және мұның түрік тіліне деген қызығушылықты арттырғанын атап көрсеткен Аксой « әр үйде түрік сериалдары қаралады, қазір бұны Түркияның жұмсақ күші десек те болады. Тек Балқан географиясында,  ғана емес Оңтүстік Америкада, Азияда, Африка мен Таяу Шығыста өте көп қарайды. Менің ойымша, біз телехикаялар экспортында екінші орындамыз және әрине  бұған өте қуаныштымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар