«TRT World»-тің жаңа деректі фильмі - «The Forfront Cyprus»

«TRT World» СКТР-ның 40 жылдығына орай алты бөлімнен тұратын деректі фильм түсірді.

2064676
«TRT World»-тің жаңа деректі фильмі - «The Forfront Cyprus»

Соңғы кездері жүзеге асырған сәтті жұмыстарымен жұртшылық назарын аударған Түркияның нөмір бірінші халықаралық хабар телеарнасы «TRT World» жаңа туындысымен көрерменнің алдына шығады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 40 жылдығына орай алты бөлімнен тұратын «The Forfront Cyprus» деректі фильмі Кипр түрік халқының болмысы мен тәуелсіздік тарихын экранға әкеледі.

«Тәуелсіздік жолы Кипр» деп аударылған деректі фильм Кипр бейбітшілік операциясының 50 жылдығын еске алу тұрғысынан да маңызды.

Деректі фильмнің дайындық кезеңінде СКТР мен Түркияға қоса, Ұлыбритания, Грекия, Франция, Испания және Оңтүстік Кипрде түсірілім мен сұхбаттар жүргізілді.

Кипр түріктерінің күресі басталған Эренкөй туралы бұрын айтылмаған көптеген егжей-тегжейлі мағлұматтарға да орын берілді.

«TRT World» тобы Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауындағы аралық аймақта сұхбаттар жүргізді.

Деректі фильм үшін саясат қайраткерлері, бұрынғы президенттер, министрлер, дипломаттар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуроодақ лауазымдылары, тарихшылар, моджахедтер, ардагерлер және көптеген куәгерден тұратын 50-ге жуық адамнан сұхбат алынды.



Ұқсас жаңалықтар