Түрік профессор «Ой көшбасшысы» сыйлығымен марапатталды

Американдық Адам генетикасы қоғамы профессор Тайфун Өзчеликті «Ой көшбасшысы» сыйлығымен марапаттады.

2061241
Түрік профессор «Ой көшбасшысы» сыйлығымен марапатталды
Tayfun Özçelik uykusuzluk geni.jpg

Анкарадағы Билкент университетінің Ғылым факультеті деканы, профессор, доктор Тайфун Өзчелик және университеттің молекулалық биология мен генетика кафедрасы Американдық Адам генетикасы қоғамы тарапынан «жаңашыл» генетикалық зерттеулерге берілетін «Ой көшбасшысы» сыйлығымен марапатталды.

Тайфун Өзчелик марапатын Вашингтонда өткен ААмерикандық Адам генетикасы қоғамының (ASHG - American Society of Human Genetics) 75 жылдық мерейтойы салтанатында алды.

Салтанатты шара аясында Билкент университеті мен Өзчеликтің зерттеулерін тақырып еткен деректі фильм 8 мыңнан астам ғалым қатысқан сессияда көрсетілді.

Өзчелик пен университеттің молекулалық биология және генетика кафедрасы «Ой көшбасшысы» сыйлығына «Өзчелик пен Билкент молекулярлық биология және генетика кафедрасы тұқым қуалайтын аурулар мен Түркия генетикасы (Variome) салаларына қосқан жаңашыл үлестері үшін «Ой көшбасшысы» сыйлығымен марапатталды. Бұл жұмыстар биомедициналық зерттеулерге жаңғырык туғызарлық үлес қосады, адам өмірін жақсартады, медицина саласын өзгертеді және білім беру, инновация, зерттеу және денсаулық сақтау саясатын құруға басшылық жасайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар