2023 жылғы "Президенттік мәдениет және өнер бас сыйлығының" иелері жарияланды

Президент жазбасында жариялады.

2057708
2023 жылғы "Президенттік мәдениет және өнер бас сыйлығының" иелері жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған «2023 жылғы Президенттік мәдениет және өнер бас сыйлығының» иелерін жариялады.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «Түркия ғасыры» көзқарасына қосқан үлестері мен жетістіктерімен Республикамыздың 100 жылдық мерейтойының мақтанышына айналған 2023 жылғы Президенттік Мәдениет және Өнер Бас сыйлығының иегері атанған ғылым, өнер және мәдениет қайраткерлерін құттықтаймын. «Адалдық» сыйлығының иегері болған азаматтарға Алланың шапағаты тисін» деді.

Президент Ердоғанның жабдасында 2023 жылғы Президенттік Мәдениет және Өнер Бас сыйлығы ғылым саласында Сүлейман Улудаг, мәдениет саласында Али Бірінжі, музыка саласында Эмел Сайын, кескіндеме саласында Илхами Аталай, карикатура саласында Хасан Айчын, кино саласында Сами Шекероғлу, цифрлық өнер саласында Рефик Анадол, сәулет саласында Синан Геним және әдебиет саласында Назан Бекироғлу лайықты деп танылғаны айтылды.

Жазбада «Адалдық» сыйлығының Аттила Илхан, Барыш Манчо, Исмаил Хаккы Узунчаршылы, Мухсин Эртуғрул және Самиха Айвердиге берілгені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар