«Түрік мәдениетінің әліпбиі» атты кітабы шықты

«Түрік мәдениетінің әліпбиі» атты кітап әр елдегі оқырмандарға ұсынылады.

2039352
«Түрік мәдениетінің әліпбиі» атты кітабы шықты
Turk kulturunun abc'si kitabi1.jpg
Turk kulturunun abc'si kitabi.jpg

Юнус Эмре институты дайындаған «Түркия мәдениетінің әліпбиі» атты кітабы Стамбул  заманауи өнер мұражайында таныстырылды.

Институт төрағасы профессор доктор Шереф Атеш бұл еңбектің түрік мәдениетін таныту үшін жүзеге асырылған арнайы жоба екенін айтты.

Анадолыда қалыптасып, күллі әлемге нұр шашқан түрік мәдениетінің бай және көне тарихына тоқталған Атеш әлемде түрік мәдениеті мен түрік тіліне деген қызығушылықтың тез артып келе жатқанын білдірді.

Атеш әр түрлі тақырыпта еңбектер болғанымен «Түрік мәдениетінің әліпбиі» деп аталатын еңбектің барлық әртүрлі тақырыптарды біріктіру тұрғысынан өз саласында бірінші болып табылатынына назар аударды.

Еңбектің бас редакторлығын жасаған профессор доктор Шабан Көктүрік болса «Бұл кітарта түріктердің өнері, сәулеті, музыкаы, асханасы, киім-кешегі, әдебиеті, әзіл-сықақтары, сыйлық беру дәстүрі және  қолөнері сынды көптеген тақырыптар қамтылған» деді.

«Түрік мәдениетінің әліпбиі» атты еңбек ағылшын, француз, орыс және араб тілдеріне аударылып, оқырмандар назарына ұсынылмақ.



Ұқсас жаңалықтар