Жастар күрестен жүлдемен оралды

Түркия турнирді 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен аяқтады.

2027300
Жастар күрестен жүлдемен оралды

Иорданияның астанасы Амманда 20 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды.

Түркия турнирді 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен аяқтады.

Грек-рим 82 келіде Альперен Бербер ирандық Ясин Али Язды 9-1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Грек-рим күресінен 67 келіде Азат Сарыяр мен 72 келіде Мұхаммед Али Гёчмен қола жүлде жеңіп алды.

Еркін стиль 65 келіде Абдулла Топрак, 70 келіде Ибрахим Метехан Япрак және 125 келіде Хакан Бүйүкчингил қола жүлдені жеңіп алды.

Әйелдер арасында 72 келіде Бүкреназ Серт күміс жүлде иеленді.


Этикеттер: #медаль , #жастар , #күрес

Ұқсас жаңалықтар