Атақты әнші қайтыс болды

56 жастағы әншінің отбасы мен жолдастары қайғылы хабарға қабырғалары қайысты.

2016594
Атақты әнші қайтыс болды
sinead oconnor.jpg

«BBC» хабарына қарағанда, Шинейд О’Коннор, мұсылман болғаннан кейін атын Шухада Давитт деп алмастырған атақты әнші қайтыс болды. Отбасы «Сүйікті Шинейдіміздің қайтыс болғанын білдіреміз» деп хабарлады.

56 жастағы әншінің отбасы мен жолдастары қайғылы хабарға қабырғалары қайысты.

"Nothing Compares 2 U" әнімен 1990 жылдары әлем көлемінде атағы шыққан, жеке альбомдарымен бірге көптеген қайырымдылыққа қатысып, концерт берген әнші бүгінге дейін 10 альбом шығарды.  Ол 2018 жылы мұсылман болғанын хабарлап, «Мұсылман болғаным үшін мақтанамын.  Бұл әрбір ақылы бар адамның баратын межесі. Қасиетті құжаттардың барлығы бізді Исламға жетелейді. Ислам қалған қасиетті кітаптарды қажетсіз қылады» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар