Түрік волейболшылар АҚШ командасын жеңді

Енді Қытай командасымен ойнайды.

2012000
Түрік волейболшылар АҚШ командасын жеңді

Ұлттық әйелдер волейбол командасы «FIVB Ұлттар лигасының» жартылай финалында үй иесі АҚШ-ты 3-1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен жарыста финалға шыққан түрік волейболшы қыздар Қытай командасымен ойнайды.

Матч Түркия уақытымен 01:30-да басталады.

Матч «TRT Spor» арнасынан көрсетіледі.

Әйелдер арасында волейбол құрама командасы 2018 жылдан кейін екінші рет финалға шығып, чемпион болуға өте жақын қалды.

Ұлттық құрама айырықша 358,49 ұпаймен әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар