Танымал түрік әнші Өзкан Уғур дүниеден озды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден танымал әншінің дүниеден озғанын хабарлады.

2008738
Танымал түрік әнші Өзкан Уғур дүниеден озды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «MFÖ» музыкалық тобының мүшесі, әнші Өзкан Уғурдың қайтыс болғанын хабарлады.

Министр Кожа біраз уақыттан бері жансақтау бөлімінде емделіп жатқан әнші Өзкан Уғур туралы әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Құрметті Өзкан Уғурдан айырылдық. Барша жақсы көретін көңіл досы, жүрек бұлағы бұл дауысты ешқашан ұмытпаймыз. Өкінеміз. Өзіне Алланың рақымын отбасына және достарына көңіл айтамын» деді.

Әнші, фильм және телехикая актері Өзкан Уғур 1953 жылы 17 қазан күні Стамбулда дүниеге келді.

Музыкалық мансабын 1970 жылы бастаған Уғур көптеген музыкалық топта бас-гитарист болып ойнады.

1984 жылы «МФӨ» (MFÖ/Мазхар Алансон - Фуат Гүнер - Өзкан Уғур) ретінде «Ele Güne Karşı Yapayalnız» альбомымен танымал болды. 1985 жылы «Diday Diday Day» және 1988 жылы «Sufi» атты әндерімен Түркия атынан екі рет «Eurovision» ән байқауына қатысты.

Музыка саласында табысын дәлелдеген соң фильм әлеміне қадам басқан Уғур көптеген фильм мен телехиқаяда ойнады.

2013 жылы лимфа қатерлі ісігімен ауырған өнерпаз 2 рет емделіп, бұл ауруды жеңді.

2022 жылы үшінші рет лимфа қатерлі ісігі диагнозы қойылған Өзкан Уғур емдеу процесі ағзаларына зақым келтіргені себепті жансақтау бөлімінде интубацияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар