Токиода ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды

Токиода Жапониядағы ең ірі ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды.

1997247
Токиода ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды

Токиода «Tokyo International Toy Show 2023» атты Жапониядағы ең ірі ойын және ойыншықтар жәрмеңкесі басталды.

Елорданың Кото ауданындағы «Big Sight» халықаралық көрме залында есігін айқара ашқан жәрмеңкеге Жапониямен қатар шетелден 150 компания қатысуда.

Келушілер қуыршақтар, пойыздар мен автомобильдер, плюш, кино және мультфильм кейіпкерлері, электроника, техникалық, ағаш, табиғи және жарнамалық сияқты салаларда жаңа ойыншық дизайндарын көре алады.

Алғашқы екі күнде, яғни 8-9 маусымда тек халықаралық баспасөз және ойын индустриясы өкілдеріне арналған жәрмеңке 10-11 маусымда барлық келушілер үшін ашылады.



Ұқсас жаңалықтар