«Анадолы барысы» «Үздік фильм» жүлдесін алды

Голландияда ұйымдастырылған "Қызыл қызғалдақ" кинофестивалінде режиссер Емре Кайыштың «Анадолы барысы» фильмі «Үздік фильм» жүлдесін алды.

1995358
«Анадолы барысы» «Үздік фильм» жүлдесін алды
hollanda anadolu leopari film.jpg
hollanda anadolu leopari film.jpg
hollanda anadolu leopari film.jpg

Биыл Голландияда ұйымдастырылған 9-шы "Қызыл қызғалдақ" кинофестивалінде режиссер Емре Кайыштың 2021 жылы түсірген «Анадолы барысы» фильмі «Үздік фильм» жүлдесін алды.

Роттердам қаласында өткен салтанатты шарада түрік және голландиялық қазылар алқасы мүшелерінің бағалауы нәтижесінде фильм бірінші орынды жеңіп алды.

Фестивальде Ферит Карахан «Мектептегі оқиғалар» фильмі үшін «Үздік режиссер» жүлдесін алды.

«Өмір бойы табыс сыйлығын» иелеген Хейл Сойгазиге жүлдесін Түркияның Голландиядағы елшісі Селчук Үнал табыс етті.

Рәсімде сөз сөйлеген Үнал кинематографияның шекараны асқан, әр түрлі орта мен қоғамдағы адамдарды бірлестіретін өте күшті өнер саласы екенін айтты.

Елші Селчук Үнал:

«Түрік киносының халықаралық деңгейде танылуы және бәсекеге түсуімен бірге, өте кең географияларда көрермен жинаған түрік сериалдарының табысын да ұмытпаған жөн. Алайда киноның орны әлі де бөлек. Себебі телехикаяларымыз ашқан осы жетістік жолында еліміздің халқы мен мәдениетін ең жақсы түрде көрсететін және насихаттайтын фильмдеріміз Канн, Берлин, Венеция, Торонто сияқты халықаралық деңгейдегі фестивальдерде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болуда, алғыс және марапаттаулар алуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар