Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі тойлануда

Бүгін ұйымдастырылатын рәсімдермен әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойлануда.

1988308
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі тойлануда

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде Жастар және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шаралармен тойлануда.

Жастар және спорт министрлігі 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт мерекесі  аясында «Әрқашан 19 жастамыз» деген тақырыппен 15-21 мамыр аралығында қалалық әкімшіліктерімен, университеттермен, азаматтық ұйымдарымен бірлесе отырып еліміздің барлық аймақтарында  мәдени, өнер және спорттық іс-шаралар өткізуде.

Шара аясында Түркияның 81 аймағынан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзербайжаннан келген өкіл жастар алдымен ел астанасы Анкарада бас қосады.

Өкіл жастар Жастар және спорт министрлігінде, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде  және Президенттік сарайында болады.

Бүгін елдің түкпір-түкпірінде және шетелдегі өкілеттіктерде ұйымдастырылатын рәсімдермен әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойлануда.



Ұқсас жаңалықтар