Тарихи жәдігер қайтарылды

1800 жылдық құлпытас Түркияның Италиядағы өкілетті елшілігіне тапсырылды.

1980758
Тарихи жәдігер қайтарылды

Зеугма ежелгі қаласынан алып қашырылған құлпытас Италиядан алынды. Қайтарып алынған тарихи жәдігер біздің дәуірімізден кейінгі 2-ғасырдан қалған.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желіде Түркияның тарихи жәдігерлерінің бірінің тағы туған жеріне қайтарылғанын хабарлады.

Маңызды ғылыми деректерге ие құлпытасты Италиядан қабылдап алғандарын білдірген министр «Министрлік қызметін бастағанымда қайтарып алған алғашқы жәдігер Газиантеп Зеугмадан еді. Бүгін осы ежелгі қаламыз тарихи бір бөлшегіне қайта қауышты. Тарихи жәдігерлердің заңсыз саудасымен күресіміз жалғасады» деді.

1800 жылдық құлпытас Түркияның Италиядағы өкілетті елшілігіне тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар