"Bayraktar Kızılelma" сынақтары жалғасуда
"Bayraktar Kızılelma" Жауынгерлік ұшқышсыз ұшағының ұшу сынақтары жалғасып жатыр.
1977966
"Bayraktar Kızılelma" Жауынгерлік ұшқышсыз ұшағының 8-ші ұшу сынақтары сәтті аяқталды.
Байрактар Технология компаниясының мәлімдемесінде Байрактар тарапынан толығымен ұлттық мүмкіндіктермен әзірлеген "Bayraktar Kızılelma" Жауынгерлік ұшқышсыз ұшағының ұшу сынақ науқаны жоспарланған бағытта жалғасқаны білдірілді.
8-ші ұшу сынағын сәтті аяқтаған "Bayraktar Kızılelma" ұшу-қону жолағында сағатына 630 шақырым төменде ұшу сынақ маневрлерін жасады.
Сынақта жоғары жылдамдықтағы ұшу және маневр сынақтары, сонымен қатар сериялық ұшып-қону сынақтары орындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Турист саны 12 миллион 678 мың 959-ға жетті
Түркия биылғы жылдың алғашқы 4 айында 12 миллион 678 мың 959 қонақты қабылдады.