«TCG Anadolu» келушілерге ашылды

Министр Акар «TCG Anadolu»-ны Стамбулда азаматтарға ашқандарын білдірді.

1976037
«TCG Anadolu» келушілерге ашылды

Әлемдегі алғашқы қарулы пилотсыз әуе көлігі кемесі «TCG Anadolu» Стамбулда халықтың аралауы үшін Сарайбурнуна аялдады.

Алып кеменің Босфор бұғазы арқылы өткен кемені мақтанышпен тамашалаған жұртшылық естелік фотосуретке түсті.

Түркияның ең үлкен әскери кемесі бүгін жергілікті уақытпен сағат 13.00-ден кейін келушілерге ашылды.

Ұзындығы 231 метр және ені 32 метр болған «TCG Anadolu» палубаларында 94 көлікті тасымалдау мүмкіндігіне ие.

Ұшу-қону жолағы 10 тікұшақ немесе 11 пилотсыз әуе көлігі тарапынан бірдей қолданыла алады. Ангардың болса 19 тікұшақ пен 30 пилотсыз әуе көлігі сыйымдылығы бар.

1 223 қызметкері бар кемеде аурухана мен 2 ота бөлмесі де бар.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «TCG Anadolu»-ның Стамбулдағы азаматтардың аралауы үшін ашқандарын білдірді.

Кеменің келушілерге ашылатынын еске салған Акар «Түркияның күшін көрмегендер де, естімегендер де көріп, естиді» деді.

Алып кеме бүгін сағат 13.00 мен 18.00 арасында келушілерді күтеді. Кемені сәуір айының 18-і мен 23-і аралығында жергілікті уақытпен 10:00-18:00 арасында аралауға болады.



Ұқсас жаңалықтар